Кәсіпкерлердің аталған мәселеге түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі қажет
Күрделі эпидемиологиялық жағдайда бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың басты тәсілдерінің бірі - «Аshyq» қосымшасын жаппай пайдалану. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
«Жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары кәсіпкерлердің Аshyq қосымшасын енгізу және дұрыс пайдалану жұмысын жандандыруда. Қазіргі уақытта бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен пайда алу және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Бұл жерде кәсіпкерлер аталған мәселеге түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі қажет. Аshyq-ты пайдалануда бизнестің адал ниеті мен жауапкершілігі маңызды», - деді ҰЭМ өкілі қазақстандық кәсіпкерлерге қаратып айтқан сөзінде.