518 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда 21 тамызда коронавирус пен пневмониядан 137 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның 113-і COVID-19 вирусынан, 24-і пневмониядан қайтқан.
Өңірлер бойынша ең көп өлім-жітім Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді.
23 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (–118 989+ және 5 882 КВИ-) емделуде: олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: