Қазақстандық балуан қыз әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын

Фото: UWW

Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.