6,3 млн-ға жуық адам вакцинаның I компонентін алды
Қазақстанда КВИ-ге қарсы толық иммундаудан өткендер саны 4,9 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылғы 20 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 6 276 224 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 913 196 адам.
Қалалар бойынша Алматы (832 011), ал өңірлер арасынан Түркістан облысы (698 720) вакцина алғандар саны жағынан көш бастап тұр.