Финалдық белдесуде АҚШ балуаны 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Қылышбай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жеткен Нұрдәулет америкалық Киган Отоолемен кездескен болатын.
Финалдық белдесуде АҚШ балуаны 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрдәулет Қылышбай турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін Асылжан Есенгелді (57 келі) мен Бекзат Ермекбай (65 келі) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.