Ақсулық диджей «ВАМ» трегіне бейнебаян әзірледі
Иманбектің кезекті бейнеклипі жарыққа шығады. Ақсулық диджей ресейлік Ярослав Милославский (Ya Rick) мен Кирилл Dzham-мен бірлескен «ВАМ» трегіне бейнебаян әзірледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Клип ертең Иманбек Зейкеновтың Youtube-арнасында сағат 15:00-де шығады. Бұл туралы жаңалықпен диджей өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
Бейнебаянда тақия киген Иманбек пен оның достары Ya Rick пен Dzham-ды көруге болады.
Айта кетейік, осы демалыс күндері Иманбек Хорватиядағы «Circus Maximus» музыкалық фестиваліне қатысты.