Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың шығыс жартысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ, шаңды дауыл соғады, солтүстік пен шығыста түңгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», - делінген хабарламада.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысының батысы, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 18 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауып, кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Түркістан облысы, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.