Күдікті қызметін 20 мың теңгеге бағаланған
Жедел-іздестіру нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып істейтін 25 жастағы Х. есімді медицина университетінің студенті ұсталды.
«Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х. есімді азамат тек қана бір рет жалған ПЦР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Енді тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықталмақ.