Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі
15 тамыз – Спорт күнінде әлеуметтік желілерде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теннис ойнап жатқан сәті түсірілген архивтік фотосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі», - деп жазылған Елбасының Іnstagram-парақшасында.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді.