Елімізде коронавирус жұқтырған 1924 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 14 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 121 адам қайтыс болды.
14 тамыздағы мәлімет бойынша, 116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 924 адамның жағдайы ауыр,
• 505 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 тамыздағы мәлімет бойынша 408 жаңа жағдай тіркелді, 218 адам жазылып шыққан, 21 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 65 306;
өлім жағдайы – 4016;
барлығы 56741 адам сауығып шықты.