Мажит Самитов бұған дейін ҚР Президенті әкімшілігі басшысының хатшылығында қызмет атқарған
Самитов Мажит Самитұлы ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Мажит Самитұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары ҚР прокуратура органдарында, оның ішінде Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.