Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.