Нұрлан Сабуров бала күнінде бокспен шұғылданған
Танымал стендап-комик, ТМД көлемінде танымал YouTube желісіндегі «Что было дальше?» бағдарламасының белсенді мүшесі Нұрлан Сабуров Калифорниядағы атақты боксшы Геннадий Головкин және Али Ахмедов жаттығатын лагерьде қонақта болды.
Бұл туралы Али Ахмедов Іnstagram желісінде Нұрлан Сабуров, Геннадий Головкинмен бірге түскен бірнеше фото жариялап, «Тамаша өткен жаттығу күні» деп жазған.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Сабуров 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанған Серік Сәпиевпен бірге жаттығу өткізген еді.
Нұрлан Сабуров бала күнінде бокспен шұғылданғаны жайлы бірнеше сұхбатында айтқан еді.