ДСМ Қазақстанда қолжетімді болатын Sinopharm вакцинасы туралы мәлімет берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қытай мен БАӘ бұл вакцинаны 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдаған

көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қолжетімді болатын - коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасы жайлы айтты. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

ДДСҰ бұл вакцинаны 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай. Шілдеде Қытайдың Sinopharm компаниясының COVID-19 вакцинасы COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакциналар мен иммундаудың жаһандық альянсы (GAVI) қытайлық Sinopharm компаниясымен келісім жасайтындығын жариялады. Бұл ДДСҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген.

Бұл вакцина Қытайдан бөлек, БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сондай-ақ, Қытай мен БАӘ Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.