Бүгінде 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
7 тамыз күні Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 140 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның 112-сі коронавирус инфекциясынан, 28 науқас пневмониядан көз жұмған.
9 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 981 адамның жағдайы ауыр,
402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.