Еліміз бойынша бір тәулікте 158 науқас бақилық болды
Денсаулық сақтау министрлігі 7 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 128 адам қайтыс болды.
7 тамыздағы мәлімет бойынша, 109 163 адам коронавирус инфекциясынан (–105 454 + және 3 709 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 961 пациент стационарда, 79 202 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 871 адамның жағдайы ауыр,
• 416 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 5 тамыздағы мәлімет бойынша 426 жаңа жағдай тіркелді, 173 адам жазылып шыққан, 30 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 62990;
өлім жағдайы – 3870;
барлығы 55411 адам сауығып шықты.