Бекіре – Қызыл кітапқа енгізілген балық
Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері 3 тамызда Түпқараған ауданының жергілікті тұрғынының сарайынан жалпы салмағы 200 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі.
Сондай-ақ жедел уәкілдер тоңазытқыш, екі моторлы және бір резеңке қайық, бинокль, рация, су резеңке костюмі (гидрокостюм), сондай-ақ мың метрден астам балық аулау желісін тәркіледі.
Ұсталған 21 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Бекіре – қызыл кітапқа енгізілген балық. Мұндай балық аулауға заңмен тыйым салынған», – деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.