4,2 млн адам толық иммундаудан өтті
Қазақстанда КВИ вакцинасын алғандар саны 5,6 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 6 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 634 981 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 231 104 адам», - делінген хабарламада.
Өңірлер арасынан вакцина алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 756 041 адам. Одан кейінгі орында Түркістан (610 796 адам) мен Алматы облысы (572 183 адам) орналасқан.