COVID-19: Қазақстанда вакцинаның II компонентін алғандар саны 4 млн-нан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Толық иммундаудан өткендер көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Фотог: ашық дереккөзден

Қазақстанда вакцинаның II компонентін алғандар саны 4 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 4 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 530 789 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 048 463 адам.