Тоқаев судьяларға қатысты ауыс-түйіс жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент жарлыққа 30 шілдеде қол қойған

көрнекі фото

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 шілдеде «Сот төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Ербар Қалиевті тағайындады;
  • Шымкент қалалық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ретінде Нұрлан Биболовты тағайындады.

Толық тізімді мына сілтемеге өту арқылы көре аласыз.