Еркін күрес: Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жартылай финалдық белдесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады

фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан (еркін күрес) Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

57 келіге дейінгі салмақта Санаев 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафемен белдескен. Қазақстандық балуан 7:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалдық белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін сағат 15:00-де басталады.