Қазақстандық каноэші Олимпиаданың ширек финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды

фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында каноэ мен байдарка есуден жарыстар өтіп жатыр. Бүгін, каноэ (жеке) әйелдер арасында 200 м қашықтық ойынша іріктеу кезеңі өтті. Аталған санат бойынша ел сапынан қазақстандық Маргарита Торлопова қатысты.

Іріктеу кезеңінде тиісті қашықтықты 49, 721 уақытта бағындырған қазақстандық спортшы ширек финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, топтағы бірінші және екінші орын жартылай финалға шығуға мүмкіндік берсе, соңғы төрт орын ширек финалға жолдама берді. Отандасымыз Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды.

Тегтер: