Билік әлі ресми мәлімдеме жасамады
АҚШ-та Пентагон ғимаратының маңында атыс болып, салдарынан бір полицей қаза тапты деп хабарлайды CNN. Күштік құрылымдар қазір маңайды қоршауға алып, метроға кірер жолдарды жапты.
Дереккөздің хабарлауынша, атыс кезінде офицер ауыр жараланып, оқиға орнында көз жұмған. Пентагонның қауіпсіздігіне жауапты агенттік болса CNN сауалына жауап бермеген.
Атыс сыртта автобус аялдамасына жақын маңда болған, мұнан кейін нысанға кірер есіктің бәрі түгел жабылған.
Ал, РИА Новости тілшілерінің хабарлауынша, полиция офицері атыс салдарынан емес, пышақ жарақатынан қаза тапқан көрінеді.