Ақтау үкімі заңды күшіне енді
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бұрынғы төрағасы Е. Айнабеков апелляциялық сотта ақталып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.
Айнабеков ЖШС басшысын 18 100 000 теңге сомасында улы химикатты тегін беруге заңсыз мәжбүрледі деп айыпталды. Одан бөлек, Астана МАЭС-тің қызмет мүдделеріне қайшы әрекет ете отырып, 30 040 695 теңге сомасында бюджет қаражатын заңсыз жеке кәсіпкерлікке бөлді деп айыпталды.
«Нұр-Сұлтан сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы үкімімен Айнабеков өзінің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тағылған айып бойынша ақталды», - делінген қалалық соттың хабарламасында.
Сот Айнабековтың әрекеттерінде артық өкілеттіктер мен оларды теріс пайдалану болмағанын, өйткені техниканың уақтылы келуін және алқаптарды шегірткеден өңдеуді бастауды бақылау АШМ комитетінің аумақтық инспекциясы басшылығының міндетіне кіргенін анықтаған.
Соттың мәліметінше, айыптаушы тарап Айнабековтың арнайы техника мен улы химикатты жеткізу кезінде РМК мен ЖШС басшылығына қысым көрсету дерегі дәлелденбеген. Жеке кәсіпкерлік пайдасына заңсыз іс-әрекеттер жасау дерегі анықталмаған.