Боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ширек финалдағы қарсыласы – испаниялық Габриэль Эскобар

Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Биллал Бенаннан 5:0 есебімен басым түсті. 

Оның ширек финалдағы қарсыласы – испаниялық Габриэль Эскобар. Олар 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.