1 тамыздан бастап қазақстандық балуандар бозкілемге шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады

фото ашық дереккөзден

1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнақұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі. Мейрамбек Айнақұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.