Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысынан басым түсті

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп жазады Olympic.kz.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын. Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық 9 боксшының бесеуі - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов және Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.

Тегтер: