ДДСҰ коронавирус салдарынан өлім-жітім көрсеткіші күрт өскенін мәлімдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен аптада 69 мыңнан астам адам қайтыс болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус салдарынан болған өлім-жітім санының күрт өскенін хабарлады.

Өткен аптада әлем бойынша COVID-19 жұқтыру фактісінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, оның салдарынан қаза тапқандар саны да күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 21%-ға көп. Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған.

Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады.