Ислам Бозбаев та жүлдесіз қалды
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасының екінші айналымда жеңіліп қалды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ислам Бозбаев әзірбайжан балуаны Мамедали Мехдиевтен жеңілді. Белдесу қосымша уақытқа (Golden Score) дейін созылды.
Қосымша уақытта Мехдиев әдіс жасап, «ваззари» ұпайымен Ислам Бозбаевтан басым түсті.
Ислам Бозбаев бірінші айналымда бразилиялық Рафаель Македомен кездесіп, қарсыласын небәрі 31 секундта «иппон» ұпайымен жеңген еді.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған болатын.