Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Жартылай финал бәсекесі 28 шілдеге жоспарланған

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті.

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.

Дмитрий Баландин - қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.