Ол бірінші кезеңде аргентиналық Федерико Корияны жеңген еді
Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жорығын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады. Қазақстандық спортшы АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын.
Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады.
Ол бірінші кезеңде аргентиналық Федерико Кориямен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жеткен болатын.