Қазақстандық таеквондошының келесі қарсыласы - Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Ин
Токио Олимпиадасында таеквондодан бәсеке өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен қазақстандық Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:6 есебімен ұтты.
Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.
Еске сала кетейік, қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз де Токио Олимпиадасындағы алғышқы жекпе-жегінде жеңіске жетті..
67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Жансель бірінші кездесуін өзбекстандық спортшы Светлана Осиповаға қарсы өткізді. Екеуара кездесу 10:9 есебімен Жансельдің еншісіне шешілді.