Токио-2020: Жансель Дениз алғашқы қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін жарыс төріне тағы бір қазақстандық таеквандошы шығады

Жансель Дениз, фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Токио Олимпиадасындағы алғышқы жекпе-жегінде жеңіске жетті..

67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Жансель бірінші кездесуін өзбекстандық спортшы Светлана Осиповаға қарсы өткізді. Екеуара кездесу 10:9 есебімен Жансельдің еншісіне шешілді.

Бүгін жарыс төріне тағы бір қазақстандық таеквандошы шығады. 80 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласатын Руслан Жапаровтың қарсыласы – германиялық Александр Бахман.