26.07.2021, 15:33
Жаңалықтар
Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Ол 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді
фото: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін жеңіспен бастады.
52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Қазақ боксшысының келесі қарсыласы - әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сәкен Бибосынов француз боксшысымен бұған дейін екі рет кездесіп, бірінде жеңіп, бірінде жеңілген.
Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті
26.08.2026, 17:11
Секіріп, қуанды: Тоқаевтың сұрағына мүдірмей жауап берген оқушы желі жұртын сүйсіндірді (ВИДЕО)