1 325 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 74 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
22 шілдеде 225 адамнан пневмония анықталса, 10 адам осы аурудан қайтыс болған.
24 шілдедегі жағдай бойынша, 75 005 адам коронавирустан емделіп жатыр (73 091 КВИ+ және 1 914 КВИ-). Олардың ішінде 21 681 науқас ауруханада жатса, 53 324-і үй жағдайында емделуде.
Айта кетейік, соңғы екі күннен бері Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны күр өсіп, тәуліктік жұқтыру көрсеткіші 6 мың адамнан асып жатыр.