Дзюдодан қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы қарсыластары анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды

Елдос Сметов, фото: olympic.kz

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ӘЙЕЛДЕР

48 келі: Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытай балуаны Ли Ю.

ЕРЛЕР

60 келі: Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі: Ерлан Серікжановтың Токиодағы алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі: Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі: Дидар Хамзаның Токио ойындарындағы бірінші белдесудегі қарсыласы - моңғолиялық Саид Моллаи.

90 келі: Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.