Қазақстанда доллар қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Америкалық валютаның орташа бағамы – 428,76 теңге

Business FM

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 1,50 теңгеге өсіп, 428,76 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы – 427,94 теңге, сатылым – 429,48 теңге. Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орташа есеппен 428,11 теңгеден сатып алады, 429,34 теңгеден сатып жатыр.

Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 21 шілдеде сауда-саттық барысында төмендеуде.

Тамыз айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,65% - ға төмендеп, барреліне 66,76 долларды құрады.

Қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,63 %-ға – барреліне $68,91-ға дейін төмендеді.