Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандық шалу qurban2021.kz сайты арқылы жүзге асып жатыр

фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!», - дейді баспасөз хатшысы.