Алматы облысында жыл басынан бері жол апатынан 176 адам қаза тапқан

Автор: Azattyq Rýhy

1589 адам түрлі дене жарақатын алған

 

 

фото ашық дереккөзден

Жол апатынан 176 адам қаза тауып, 1589-ы түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдағы қайғылы жағдай санын азайту мақсатында тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» акциясын өткізуді қолға алды. Шілденің 15-і мен тамыз айының 14-і аралығында жол қозғалысы ережесін бұзатындарды анықтау үшін арнайы рейд жүргізіледі.

«Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жүргізушілерге жол ережесін сақтауға үгіттейтін кітапшаларды табыстап жатырмыз», - дейді Алматы облысы жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдос Жүнісов.