Вирус анықталған азамат спортшы емес
Токиодағы Олимпиада ауылында алғашқы коронавирус жағдайы тіркелді деп хабарлайды Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті.
Комитет дерегінше, тесттен өткен кезде қауіпті індет шетелдіктің бірінен табылған. Құпиялықты сақтау ережесі бойынша оның жеке тұлғасы аталмады. NHK телеарнасының мәліметінше, вирус анықталған азамат спортшы емес.
Қазіргі сәтте науқастың коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, салдырмағаны туралы мәлімет жоқ.
Еске салсақ, кеше Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Токиоға аттанды.