Оқиға кеше түнде болған
Атырауда Жайықтағы көпірден секірген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq-Ryhy облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, оқыс оқиға кеше, 16 шілдеде сағат 22:45 шамасында болған. Жайық өзеніне көпірден секірген 30-35 жас шамасындағы ер адам көз жұмды.
«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» делінген хабарламада.