Кездесуде саланың өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды министрлік әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бейресми форматта ұйымдастырылған кездесуде өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды. Мамандар даярлау, жалақы, еңбек жағдайларын жақсарту сияқты тақырыптар қозғалды.
Кездесу соңында ҚР ИИДМ басшысы кездесуге қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конверторы-болат балқытушысы Василий Пастухқа, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ электродтар өндіру цехының анод-монтаждау учаскесінің 6-разрядты анод құюшысы Нұролла Матаевқа, «Қазхром «ТҰК» АҚ ферроқорытпаларын балқытушысы Бейсембай Күлшәріповке, «Қазмырыш» ЖШС инженер-металлургы Жамбыл Естаевқа және «Феррум» ЖШС металлургі Әбдірашит Омаровқа саланың дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін алғыс хат табыстады.