16 шілдедегі ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Қазақстанда үш қала мен 10 облыс «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.