14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оңтүстік Каспий циклоны әлі де республиканың көп бөлігіне өз әсерін тигізеді, сондықтан тұрақсыз ауа  райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек ҚР оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы болу мүмкін. Республиканың кей жерлерде дауыл, бұршақ болып, жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болады, жел басым бөлігі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ болады.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, тұман болады.

Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ болады.

Түркістан, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.