Қауіпті зонада барлығы 3 қала мен 9 облыс бар
Солтүстік Қазақстан облысы қауіпті «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 13 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Оған сәйкес:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары;
"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.