Қазақстан мен Қырғызстанды жалғайтын оңтүстік айналма жол пайдалануға берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа жолдың ұзындығы – 16 шақырым 100 метр

Жамбыл облысында Тараз қаласы мен Қырғызстан шекарасын жалғайтын ұзындығы 16 шақырым айналма жол қолданысқа берілді деп хабарлайды Baq.kz

Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жаңа автомагистральдің құрылысы көлік қатынасын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары Жібек жолы көшесіндегі теміржол арқылы өтетін көлі
саны к 3 есеге артып, кептеліс жиілеп кеткен еді. Бұл мәселе көпірді қалпына келтіріп, облыс орталығынан Қырғыз елінің шекарасына дейін жететін айналма жол салу арқылы шешілді.

Жаңа жолдың ұзындығы 16 шақырым 100 метр. Оның құрылысына, шамамен, 4 миллиард теңге жұмсалған. Енді жүргізушілерге негізгі жолға жету үшін Тараз қаласы арқылы жүрудің қажеті жоқ.

Жаңа автомагистраль арқылы тәулігіне 3-тен 7 мыңға дейін көлік қатынай алады. Бұл Тараз қаласы мен облыс тұрғындары үшін кедергісіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге септігін тигізбек. Сондай-ақ транзиттік жүк көліктері де кеден бекеттерінен тез әрі қауіпсіз өте алады, – делінген хабарламада.