Тізім тағы 10 университетпен толықты.
Екпе алған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі ұлғайды деп хабарлайды Azattyq-Ruhy Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
10 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, тізім тағы 10 университетпен толықтырылды. Жоғары оқу орындары коронавируспен күрес шараларына осылай қолдау көрсетіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау мақсатында вакцинациялауды ынталандыруды тапсырған болатын.