Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта 5 өңір орналасқан 

Фото: ашық дереккөзден

9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.