Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 30 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 27-сі КВИ-дан қайтыс болды

Фотоколлаж

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Коронавирустан 27 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан тағы үш қазақстандық көз жұмды.

7 шілдедегі мәлімет бойынша 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 710 адамның жағдайы ауыр,
  • 143 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 75 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 442 291-ге жетті.