Оливер Стоун: Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм жұмыстары 19 айға созылды

Автор: Azattyq Rýhy

Режиссер бұл фильмді өміріндегі ең жақсы жұмыстардың бірі санайтынын айтты.  

фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Алтын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің көрсетілім алдындағы таныстырылымы өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таныстырылым барысында Оливер Стоун мырза бұл фильмнің продюсері екенін, ал режиссері – украиналық маман Игорь Лопатенок екенін айтты.

«Фильм жұмыстары 19 айға созылды, біз бірнеше сұхбат сессияларын өткіздік. Осыдан кейін бүкіл ел көлемінде экспедиция жасауды жоспарладық. Өкінішке қарай, экспедиция пандемияға байланысты үзіліп қалды. Бірақ бұл жайт бізді тоқтата алмады. Инфекциялардан қорқу керек, бірақ сіз өз ісімізді де жасауымыз керек. Менің ойымша, біз бұл фильмді мүмкіндігімізден тыс жасадық. Мен өз өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірін істедім деп санаймын», - деді фильм режисері.

Шараға қатысқан Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев фильмнің шығу тарихына тоқталды.

«Оливер Стуон мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсіпті», - деді Қырымбек Көшербаев.